"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандық "Үздік педагог" сырттай байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау»

14.05.2021
   2021 жылдың 30 сәуірі күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» аудандық  сырттай конкурсы қорытындысы шықты.
   Байқауға барлығы білім беру ұйымдарының 12 педагогы қатысты, олар орта және негізгі мектептердің мұғалімдері, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері. Байқаудың басты мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау, педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін қолдау және көтермелеу, білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи технологияларымен алмасу және педагог кәсібінің мәртебесін арттыру. Байқау барысында қатысушылар қазылар алқасына электронды тасымалдағыштардағы оқу сабақтарын, педагог портфолиосын «Мұғалім-мәртебелі мамандық» эссесін, "Менің жүрегімдегі мектеп" бейнеролигін, оқу сабақтарының бейнероликтерін ұсынды. Байқаудың демеушісі «Қазақстандық салалық бәләм ж»не ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ Зеренді филиалының төрайымы.
   Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады.
ГРАН-ПРИ иегері - Аристанова Динара Серикжановна - Ақкөл ауылының «Бөбек» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, (40 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
1 орын - Нәкен Медина - Шағалалы ауылының «Балдырған»
бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, (35 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
2 орын- Калибаева Светлана Александровна - Зеренді ауылының
«Арайлы» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, (30 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
«Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша -  Амангельдинова Айдана Сериковна - Зеренді ауылының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі.
   Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері орындар келесіндей анықталды:
ГРАН-ПРИ иегері - Байшураева Сана Энбековна - Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, (40 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
1. орын - Беспалина Айгуль Исмагуловна - Зеренді ауданы бойынша
білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, (35 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
2 орын-  Кабдушева Майра Жанибековна - Игілік ауылының жалпы
орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, (30 мың теңге мөлшерде сертификат иегері);
3 орын - Файзуллина Гульжан Турсуновна - Еленовка ауылының
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, (20 мың теңге мөлшерде сертификат
Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст