2025 жылдың 27 тамыз күні Зеренді аудандық мәдениет үйінде «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» ҰСТАЗДАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өткізілді. Мақсаты-білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын анықтау, өткен оқу жылының қорытындыларын талқылау және жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттерді белгілеу. Конференцияға Зеренді ауданының әкімі Құрманғожин Әсет Асылбекұлы, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Шакшакова Айгуль Сайлаубековна қатысты. Конференцияда келесі сұрақтар қаралды: «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің алдында тұрған жаңа міндеттер», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдірудің басым бағыттары», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы», «Экопрактика: қарапайым қадамдар тұрақты нәтижеге әкеледі», «Мектептегі ғылыми-зерттеу қызметі», «Оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауындағы сынып жетекшісінің рөлі», «Шығармашылық - болашақтың іргетасы». Тамыз конференциясы-бұл қорытындылау ғана емес, сонымен қатар жаңа беттің басталуы. Педагогикалық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерімен біз әр баланың дамуы мен табысқа жетуіне мүмкіндік беретін болашақты құрамыз. .