"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Қымбатты түлектер! Құрметті ата аналар, ұстаздар!

25.05.2021

           Құрметті  ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймын. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.
            Құрметті түлектер!
           Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.
Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік.
Сіздер еліміздің ертеңін құратын жалынды жастарысыздар.

          Құрметті ұстаздар!

Ауданымыздың шәкірттеріне сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектерін сіңірген ұстаздарыға ерекше алғысымды айтамын. Сіздер Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу мақсатында жүргізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде жаңа талаптарға сай болуға бағытталған үлкен қызмет атқарып жатырсыздар. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен табыс, мол күш-қуат, білім шыңына жетелеген зерек оқушыларыңыздың көбейе беруін тілеймін !
         Құрметті ата - аналар!
        Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі толқынышты қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, білім саласында болып жатқан үрдерістерде Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз баларымызды білім шыңына жетелесін.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст