"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Табысты менеджер – 2021» байқауы туралы

11.11.2021

5 қараша күні мектеп директорлары арасында «Табысты менеджер – 2021» аудандық сырттай байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты – креативті көшбасшыларды анықтау, қолдау, ынталандыру және инновациялық менеджменттің озық тәжірибесін насихаттау.

Байқауға қатысушылар бейнероликтер мен презентацияларда менеджмент саласындағы жетістіктерін көрсетіп, білім беруді табысты ұйымдастырудың заманауи моделіне деген көзқарастарын көрсетті және «Заманауи көшбасшы: табыс формуласы» эссесінде тақырыпты қамтыды.

Конкурс нәтижелері:

1 орын – Халелова Эльмира Майданқызы;

2 орын – Жетпісова Мариям Сұрағанқызы;

3 орын – Наталья Евгеньевна Соболева.

Байқау жеңімпаздары Зеренді аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Байқаудың облыстық кезеңінде Зеренді ауданының атынан Эльмира Майданқызы қатысады. Байқауға қатысқандарыңыз үшін рахмет айта отырып, алдағы уақытта да табыстар, жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст