"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұлттық мектеп лигасы

30.11.2021

Ақмола облысының Білім басқармасы басшылығымен, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастырылуымен, 16-19 қараша аралығында «Bolashaq saraiy» жанындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде, «Ұлттық Мектеп лигасы» бағдарламасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, асық ату,бес асық ) бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатарынан 132 жас спортшы  Ұлттық ойындардың мықтыларын анықтау үшін кездесті. 
Жарыс қорытындысы бойынша Зеренді ауданы келесі жүлделі орындарды иеленді:
«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында ұлттық спорт түрі «Асық атудан» облыстық жарысы:
1 орын  Зеренді ауданы  Ақадыр а. ЖОББМ
 «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы 5-6 сынып оқушылары (қыздар) арасында ұлттық спорт түрі «Бес асықтан» облыстық жарысы:
3-4 орын Зеренді ауданы Жылымды а. НОМ
«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрі «Тоғызқұмалақтан» облыстық жарысы:
5 орын Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы мектеп гимназиясы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды
Аталмыш жарыстар балаларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тартып, спорт шеберлігін арттырып және салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана шектелмей, сондай - ақ ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар үшін бұл іс-шара нағыз алғашқы спорттық мереке болды.

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст