"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер - 2021» облыстық байқауы туралы ақпарат

03.12.2021

2021 жылғы қараша айында білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер - 2021» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және облыста білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болып табылады.

Байқаудың қорытындысы бойынша толық жинақталған мектептер арасындағы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Халелова Эльмира Майданқызы жүлделі 3 орынды иеленді.

Жарыстағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, кез келген шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз!

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст