"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Парасатты отбасы» үздік эссе облыстық сырттай байқауының қатысу қорытындысы.

07.12.2021

Бүгін білім беру ұйымдарының отбасылық қарым - қатынас клубы мүшелерінің арасында өткен "Парасатты отбасы" Үздік эссесіне облыстық сырттай байқау жеңімпаздарына құрмет көрсетілді, онда Ақкөл ЖОББМ "Алтын ұя" ата-аналар клубының мүшесі-Аристанова Динара Серікжанқызы құрметті 1 орынды иеленді.

Аталған іс-шараның мақсаты қоғамның негізі болып табылатын парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты, сонымен қатар балалар мен жастардың  сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы мінез-құлықтарын  қалыптастыру болып табылды.
Байқау жұмысында Динара Серікжанқызы жауапкершілік, адалдық, парасаттылық тек тату отбасында қалыптасатынына және бұл барлық жағдайда табысқа жетудің кілті екендігіне назар аударды.
         Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, мықты денсаулық және жанұяда табыс тілейміз!

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст