"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық Абай, Махамбет оқулары

22.04.2019

2019 жылы 18-20 сәуір күндері Көкшетау қаласында өткен облыстық Абай, Махамбет оқуларына Зеренді ауданынан  6 оқушы  қатысты. Абай және Махамбет оқуларының облыстық кезеңінде Зеренді ауданынан қатысқан оқушылар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Заречный негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан 2 орын, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  аталымы бойынша Бірлестік  орта мектебінің 10 сынып оқушысы Боранбай Аягул 2 орын, Ортақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Еренғайып Ерназар «Тартынбай сөйлер асылмын» аталымы бойынша 3 орындармен марапатталды.

«Ұлылар әлемі» аталымы бойынша Аккөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жусупбекова Дариға,  «Ел құтқарар ер едім...» аталымы бойынша Ортағаш негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Серікбай Расул, «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша Березняковка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тоғанасова Райхан Ақмола облысының Білім Басқармасының  грамотасымен марапатталды.

Зеренді ауданының намысын қорғап, ұстаздарының үмітін ақтап,

зор талант танытқан оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз.

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст