"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Жас шахматшылар сайысы

06.05.2019

        2019 жылы 4 сәуірде Игілік орта мектебінде шахматтық клуб ашылып, ұрпаққа үлгі, ардагер – ұстаз Балтабеков Құдаш Сәрсенұлының 90 жылдығына арналған  шахматтық турнир өткізілді.

  Ашылу рәсімінде аудандық педагогикалық қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрайымы Дюсембекова Ботагөз Байназарқызы білім бөлімі мен кәсіподақ атынан шахмат клубына шахмат тақталарын, мерейтой иесі Құдаш атаға шапан сыйлады.

       Бастауыш сынып оқушыларының шахмат бойынша Зеренді ауданының жеке біріншілігінің финалы осы мектепте өтті.

Шахмат сайысына аймақтық кезеңдер жеңімпаздары - он сегіз мектептің қырық бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Жеңімпаздар:

1 орынды 1-2 сыныптар арасында Павловка бастауыш мектебінің оқушысы Бексеитов Назар, Бөгенбай бастауыш мектебінің оқушысы Баймекенова Аружан.

3-4 сыныптар арасында  Кеңөткел негізгі мектебінің оқушысы Манат Айқын, Исаковка орта мектебінің оқушысы Полякова Валерия иеленді.

2 орынды 1-2 сыныптар арасында М.Ғабдуллин атындағы ЖББОМ оқушысы  Нақып Мәлік, Куропаткино ора мектебінің оқушысы Газиева Ясмина.

3-4 сыныптар арасында  Байтерек орта мектебінің оқушысы Ержанат Жанарыс, Ақан негізгі мектебінің оқушысы Шолғынбай Мерей иеленді.

3 орынды  1-2 сыныптар арасында Жолдыбай негізгі мектебінің оқушысы Айдарбек Алихан, Еленовка ора мектебінің оқушысы Яхия Мөлдір.

3-4 сыныптар арасында  Жылымды негізгі мектебінің оқушысы Жылқыбай Әділ, Молодежный орта мектебінің оқушысы Жумадил Аяулым иеленді.

       Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер, ал туған күн иесіне мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймыз!

Просмотров: 705


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст