"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ұстаз-ұлы тұлға» Жекен Рыспамбетовті еске алу

16.05.2019

     2019 ж. 15 мамыр күні Қызылсая орта мектебінде Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі  және ағарту ісінің озық қызметкері, аталмыш мектепте 50 жыл еңбек еткен, Жекен Рыспамбетұлының құрметіне арналған математика  пәнінен I аймақтық  олимпиада өтті.

     Олимпиадаға Абай ОМ, Бірлестік ОМ, Дөңгілағаш ОМ, Сейфуллин ОМ, Шағалалы ОМ, Қызылсаян ОМ оқушылары қатысты.

     Жарыс жеңімпаздары: Билялова Алсу Абай ОМ 8 сынып, Шерьязданова Қуаныш Қызылсая ОМ 9 сынып, Жумашева Айғаным Қызылсаян ОМ 10 сынып, Есмагулова Индира Қызылсаян ОМ 11 сынып.

     Сонымен қатар,ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтармен марапаттады. Алдағы уақытта олимпиада өз жалғасын табатынына және оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуда жақсы үлгі болатынына сенімдіміз.

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст