"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары!

25.05.2019

     Сіздерді бүгінгі салтанатты «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі күн – ұмытылмас ерекше күн. Себебі, қанаттары қатайған қарлығаштарымыз балғын балалық шақты артта қалдырып,  жаңа өмірге қадам басқалы тұр. Жаңа өмірде сіздерге тек қана сәттілік тілеймін! Қалаған мамандықтарыңыздың иесі болып, Қазақстанның абыройлы азаматы болуларығыңызға тілектеспін. Ең қиын күндерді артта қалдырып, үлкен ерлік жасаған 1 сынып оқушыларын бірінші оқу жылдарын аяқтауымен құттықтаймын. Алғашқы қадамдарың құтты болсын, бүлдіршіндер! Ұстаздар қауымына тілейтінім, дендеріңізге саулық, отбасында береке-бірлік және де ерен еңбектеріңіз жемісті болсын дегім келеді. Жазғы жөндеу жұмыстарыңызды сәтті аяқтап, келесі оқу жылына жаңа құлшыныспен келіңіздер. Алда күтіп тұрған жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін. Келесі жаңа оқу жылында қуантатын жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын.


 

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст