"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар фестивалі

25.04.2022

«Зеренді ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназия» КММ базасында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді кеңінен насихаттау және оқу робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету мақсатында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар фестивалі өтті.  Фестивальге информатика пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар «А» интеллектуалды сумосы», «Лабиринт», «SMART CITY» шығармашылық санаты, Кегельринг – QUADRO жарыстарының барлық санаттарын көрсетті. Облыстық байқауға қатысқан оқушылар өздері белсенді қатысушылар болды. Осылайша, мұғалімдер роботтарды жобалау және бағдарламалау бойынша тәжірибе алмасты. Ал оқушылар іс-шара қонақтарына өздерінің білімдерін, ептіліктерін, ұтқырлығын, күш-қуатын және өздеріне берілген тапсырмаларды өз бетінше орындай алатындарын көрсетті. Облыстық жарыста «А интеллектуалды сумо» номинациясы бойынша 2-дәрежелі Дипломмен марапатталған Ақадыр ауылының жалпы білім беретін мектебінің командасы аудан мектептерін жасампаз еңбекке, жеңіске деген жігерге жігерлендіреді! 
Алдағы уақытта шараға қатысушылар мен қонақтарға сәттілік және, әрине, жеңіс тілейміз!

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст