"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Астана қаласына жаңа жыл шыршасына сапар

29.12.2017

 2017 жылдың 26 желтоқсанында "Азия Агрохим" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілік көрсетуімен, Зеренді ауданы мектептерінде білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Астана қаласындағы «Рэдиссон» қонақ үйінде өткізілген Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға қатысып келді. Аталған мерекелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Куропаткино, Молодежный, Ақкөл, Қошқарбай, Қазақстан, Баратай мектептерінен оқушылар қатарынан жалпы саны 32 бала қатысты. Іс-шара барысында балаларға арнап әртүрлі қойылымдар көрсетілді. Балалардың қатысуымен қызықты ойындар, ән-жыр айтылып, би биленді. Мереке балалардың көңілінен шықты, олар сыйлықтар алды, демеушілерге ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст