"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Зеренді ауданы әкімінің шыршасы

28.12.2017

Зеренді ауданы әкімінің аудан балаларына арналған жаңа жылдық шыршасы «Жігер» балалар – жасөспірімдер клубында өтті. Дәстүрлі мерекеге аудан мектептерінен 177 бала қатысты: жетім балалар мен  ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық әртүрлі жарыстар мен байқаулардың, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары.

Әсерлі театрландырылған қойылым дайындалып, кішкентай қонақтарды ертегі әлемінің батырлары қарсы алды. Аудан әкімі М. Мұстафин барлық балаларды мерекелерімен құтттықтап, ізгі – ыстық  лебізін білдірді. Аудан әкімінің атынан балаларға тәтті жаңа жылдық сыйлық табысталып, ертегілік қойылымнан кейін ақ дастархан жайылды.

Просмотров: 526


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст