"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық жарыстың жүлдегерін құттықтаймыз!

14.12.2017

2017 жылдың 12-13 желтоқсаны күндері Щучинск қаласындағы  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы кадет Корпусының базасында «Отанды қорғауға дайындаймыз» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің және колледждерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің 32 оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Зеренді ауданының абыройын беделді қорғап, 2 орынды иеленген Айдабол орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қайрат Иссаевич Байкануровты жеңісімен шын жүрекпен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіріп, шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тілейміз!

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст