"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық кәсіподақ қызметкерлерінің арасындағы «2017 жылғы үздік кәсіподақ лидері» атты конкурсы

14.12.2017

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжісінің базасында облыстық кәсіподақ қызметкерлерінің

арасындағы «2017 жылғы үздік кәсіподақ лидері» атты конкурсы өтті. Конкурсқа Ақмола облысының 20 бірінші кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ қызметкерлері қатысты. Біздің ауданымыздың атынан Чаглинка негізгі мектебінің кәсіподақ комитетінің бірінші ұйымының төрайымы Жұмагүл Күлбаевна Салихова қатысты.

Әділ әділқазылар алқасы конкурсқа қатысқан әрбір қатысушыны әділ бағалады. Кәсіподақ лидері болып келесі жеңімпаздар марапатталды: бас жүлде - Степногорск қаласының кәсіподақ қызметкері, 1 - орын Еңбекшілдер ауданының кәсіподақ қызметкері, 2 орын - Ерментау ауданының кәсіподақ қызметкері, 3 орын -  Астрахан ауданының кәсіподақ қызметкері

Біздің кәсіподақ ұйымымыздың қызметкері Жұмагүл Күлбаевна 4 орынды иеленіп Ақмола облысының кәсіподақ қызметкерлерінің үздік бестігіне кірді. Басқа қатысушылармен қатар Жұмагүл Күлбаевнада мадақтама қағаз бен

бағалы сыйлықпен марапатталды. «2017 жылғы үздік кәсіподақ лидері» конкурсындана беделді қатысып, өнер көрсеткені үшін Жұмагүл Күлбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да биіктен көрінуіне тілектестік білдіріп, шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тілейміз!

 

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст