"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құрметті әріптестер!

29.08.2017

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі – Ата Заң күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дүние жүзінде барлық мемлекеттерде Тәуелсіздік күнінен кейінгі болып саналатын ең қымбат мерекелік күн ол - Ата Заң күні. Өйткені Ата Заң әр  мемлекеттің егемендігінің кепілі болып саналады. Ата Заңды қатаң қолдану – мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі.

Бұл Қазақстан азаматтары үшін Республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Ата Заңымыз - Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.

Құрметті әріптестер, Ата Заң күні құтты болсын! Сіздерге және сіздердің шаңырақтарыңызға зор денсаулық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст