"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мектеп алды және 1-11 сынып оқушылары арасында облыстық шығармашылық конкурсы

12.05.2017

 «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін арттыру  аясында, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау мақсатында 2017 жылдың 10-13 мамыры күндері аралығында тұңғыш рет мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, мектеп алды және 1-11 сынып оқушылары арасында облыстық шығармашылық конкурсы өткізілді.  Аталған конкурсқа Зеренді ауданы атынан қатысқан аудандық кезеңінің жеңімпаздары: «Театрландырылған қойылым» номинация бойынша Ақадыр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тарасова Милана - І дәрежелі дипломмен, «Әдеби көркем оқу» номинация бойынша Садовый орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мороз Алина - І дәрежелі дипломмен марапатталса, дәл осы номинация бойынша Қызылсая орта мектебінің 7 сынып оқушысы Крючек Яна - ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, «Музыкалық қонақжай» номинация бойынша Молодежный орта мектебінің 11 сынып оқушысы Попович Иннада - ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Зеренді ауданының бәләм беру бөлімі ауданымыздың атын асқақтатып, мәртебесін көтерген аудан мақтанышы болған жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүрекпен құттықтап, шығармалық табыс пен биік-биік жетістіктерге жете берулеріне тілектес екенімізді білдіреміз.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст