"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Екі жұлдыз» облыстық байқауы

03.05.2017

2017 жылдың 14 сәуірінде Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде  «ЭКСПО-2017 » халықаралық көрмеге арналған Ақмола облысы бойынша білім беру ұйымы арасында «Екі жұлдыз » атты байқауы өткізілді. Іс шара бастамашылары Ақмола облысының « білім басқармасы» ММ басшысы Б. С. Ізбасарова мен «Ақмола облысының

және Астана қаласының Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.К. Абдрахманов

Конкурстың мақсаты:

-барынша дарынды және болашағы бар жас орындаушыларды және шығармашылық ұжымды  анықтау және қолдау

-өскелең ұрпақтың одан әрі жүйесін дамыту  патриоттық,  эстетикалық және рухани тәрбиелеу және жетілдіру

Іс шара қатысушыларға ізгі тілектерін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич пен облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.К. Абдрахманов білдірді.

 Аталмыш байқауға  білім беру ұйымдарынан 21 вокалдық дуэт қатысты.

 Біздің ауданнан Молодежный орта мектебінің аға тәлімгері Білеухан Нұрбол мен аталған мектептің 3- сынып оқушысы Сабитова Айдана Айдарбекқызы қатысты.

Байқауға қатысушылардың барлығы орындаушылық шеберлігі, әртістік жағынан да  дарынды  екендігін көрсете білді.

 Әділ қазылар алқасы әр жұптың  ерекшелігін атап өтті. Біздің Білеухан Нұрбол мен Сабитова Айдана Айдарбекқызы  дипломмен және де құнды сыйлықтармен, сонымен қатар «Үйлесімді жұп» номинациясымен  марапатталды.

Білеухан Нұрбол мен Айдананың жарқын өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз.

Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз. Болашақта сіздерді үлкен жеңістер күтіп тұр деп сенеміз!

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст