"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Дарынды оқушыларды дайындау жолдары.

06.03.2017

                   

Дарынды оқушыларды дайындау

жолдары.

Аудандық математика, информатика пәндері бойынша семинар.

2017 жылдың 3-наурызында Айдарлы негізгі мектебінде математика және информатика пәні мұғалімдерінің аудандық әдістеме бірлестігінің семинары өтті. Тақырыбы: «Дарынды балаларды дамытудағы пәндік олимпиадалардың,

зияткерлік марафондардың, байқаулардың, ғылыми жобалардың рөлі».

         Семинарды Зеренді аудандық Білім бөлімінің әдіскері Аубакирова Клара Аманбековна ашып, жаңартылған білім беруде болып жатқан өзгерістермен және жаңалықтармен таныстырды. Биылғы оқу жылын аяқтауда ұлттық бірыңғай тестілеудің өзгерістері туралы айтты.

         Игілік орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Баядилова Алтынай Еслямбекқызы «Дарынды оқушыларды дайындау жолдары» шебер-сабағын өткізді. Шебер сынып сабағын мерекелік шашу деп 2 топқа шоколад және карамель кәмпиттерін арқылы бөлді. Тақырыпты ашу үшін 2 топқа ребус шешкізді. Одан кейін топтар өзара жарысқа түсті.

         «Дарынды және талантты балалармен жұмыс» шебер сабағын Игілік орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Жаңыл Саясатқызы мұғалімдерді 3 топқа бөліп өткізді. Осы сабақ барысында қабілетті, дарынды, талантты балаларға сипаттама берілді.

         Екі шебер сабақта мұғалімдер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін шебер қолданды.

         Семинар жұмысы ары қарай «Дарынды балалармен жүргізілетін дәптер үлгісі» тақырыбында Баратай негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, аудандық информатика әдістеме бірлестігінің жетекшісі Искендир Гүлмира Әлімқызы дарынды балалармен өзінің жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырып, толтыруды қажет ететін құжаттар туралы маңызды

мәліметтер берді.

         Ағымдағы басқа мәселелер бойынша Бұлақ негізгі мектебінің директоры, информатика пәнінің мұғалімі Капарова Айгуль Ауталиповна барлық пәндер бойынша жоспарлардың ортақ үлгісін құрастырылып, аудандық білім бөліміне бекіттіріп, бірыңғай үлгі жасалса деген ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс мұғалімдерге ұнады.

         2016 жылы облыс, аудан көлемінде түрлі семинарларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер аудандық әдістеме бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Просмотров: 783


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст