"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері

21.02.2017

2017 жылдың 16-ақпанында Зеренді ауданындағы  Мәлік Ғабдуллин атындағы  жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде  аудандық семинар өтті.

Семинардың тақырыбы «Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат.

Семинардың мақсаты: Қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты үрдістер, бағалау рәсімдерін іске асыруға қолдау көрсету.

Семинарға ауданнның  37 мектебінен 1-ші қазақ сыныптарына беретін 41 мұғалім  қатысты. Мәлік Ғабдуллин атындағы  жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде  1-ші сынып мұғалімі Калибаева Гүлжиян Мәжитқызы сауат ашу пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың  тақырыбы: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті бөлімінің тақырыпшасы Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы және әрпі. Ашық сабаққа облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері  Муканов Абай  Өміржанұлы, педагогикалық шеберлік орталығының тренері Журунтаева Сауле Байкешовна, Зеренді ауданының 13 мектебінің  1-ші сынып мұғалімдері қатысып, критериалды бағалаудың маңыздылығы мен білім алушылардың оқу жетістіктері туралы  ойларымен бөлісті.

Сағат 11.00-де басталған семианарда  1-ші сыныптың мұғалімдерінің  критериалды бағалау туралы қойған сұрақтары бойынша  тренер Журунтаева Сауле Байкешовна жауап беріп отырды.  Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы нұсқаулықтағы ережелермен таныстырды.   Бастауыш сынып мұғалімдері өздерін толғандырып жүрген біршама сұрақтарына жауап алды. Сауле Байкешовна ұстаздарға әлі де көп іздену керектігін айтты, өздерімен тығыз байланыста болуға шақырды. Ұстаздар  осындай семинардың  жиі болып тұруын  сұрады.   Семинар өте сәтті деңгейде  өтті.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст