"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тамыз кеңесі

19.08.2022

2022 жылдың 17 тамызында «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық тамыз конференциясы өтті. Кездесу барысында келесі тақырыптар бойынша сұрақтар қаралды: «Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Халықаралық зерттеулер туралы», «Мектепішілік бақылау», «Білім беру ұйымын, оның басшыларын, мұғалімдерін, педагогикалық ұжымын аттестациялауды ұйымдастыру». Аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісілері,  директорлардың   тәрбие жөніндегі орынбасарларының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мен міндеттерімен таныстырды. Отырыста «Күнделік» электронды журналын толтыру, әдістемелік нұсқаулық  хаттың тармақтары, сонымен қатар мектеп пен мұғалімдерді аттестаттау мәселелері қаралды.

Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст