"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2022 жылғы аудандық тамыз форум аясында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» тақырыбында өткізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың панельдік секциясы

19.08.2022

2022 жылғы 19 тамызда аудандық тамыз форум аясында офлайн/онлайн тәртібінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңғырту» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың панельдік секциясы өтті.
Панельдік секция жұмысына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қауымдастығының төрағалары қатысты. 
Панельдік секция отырысында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері, 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері талқыланды. 
Панельдік секцияның қорытындысы бойынша қатысушылар мынадай ұсынымдар қабылдады:
 Аудандардың білім мекемелеріне:
1) нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
2)  мектепке дейінгі ұйымдардың  қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді мектепке дейінгі ұйымдарды жасақтау кезінде басшылыққа алу;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері  бойынша әдістемелік кабинеттер базасында мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;
4) мектепке дейінгі ұйымдар, оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар педагогтерінің біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға қатысуын қамтамасыз ету;
5) қағидаларға сәйкес балалар мен педагогтер үшін облыстық конкурстар мен іс-шаралардың аудандық (қалалық) кезеңдерін өткізу, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдарды осы конкурстар мен іс-шараларға қатысуға тарту;
6) мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету;
7) мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы материалдарды БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жариялап отыру.
Аудандардың  мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарына:
1) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жұмысты жалғастыру;
2) қауіпсіз,  жайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;
3) тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілер үшін физикалық, зияткерлік және жеке дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
4) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
5) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
6) педагогтер мен балаларға арналған жыл сайынғы облыстық конкурстардың аудандық/қалалық кезеңдеріне қатысу.

 

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст