"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Хабарландыру

10.10.2022

Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі 2022 жылдың 10 қазаны мен 28 қазаны аралығында Зеренді ауданы, Садовое ауылында 20 орынға «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» конкурсы бойынша құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы қарау Зеренді ауданының білім бөлімінде 2022 жылғы 31 қазанда сағат 17:00-де өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
       2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
       3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы); 
       4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы); 
       5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
       6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;
      7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;
       8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст