"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Зеренді ауданының білім беру ұйымдарында пікірталас қозғалысын дамыту" аудандық оқыту семинары

01.11.2022

022 жылдың 31 қазаны күні Зеренді білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Өркен ауылының ЖОББ мектебі” КММ директорлардың тәрбие ісінің жөніндегі орынбасарлары және аға тәлімгерлерге арналған аудандық семинары өтті. Семинар бағдарламасы 3 бөлімді құраған.
1. Мұғалімдердің өздерінің іс - тәжірибесімен бөлісуі;
2. Зеренділік пікір сайыс қозғалысы бойынша балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының мұғалімдерінің шебер сыныптары.
3. Семинарға келген мұғалімдер арасында пікір сайыс турнирін өткізу. Мақсаты: ұстаздардың іс-тәжірибесімен алмасуы; Зеренділік пікір сайыс қозғалысын дамыту. Семинарға 100-жуық педагог 6 аудиторияға бөлініп пікір сайыс турниріне аса қызығушылықпен белсенді қатысты. Пікір сайыс турнирін ұйымдастырып, шеберлік сынып көрсеткен балалар мен жасөспірімдерге, шығармашылық орталығының ұстаздары Кинжалинова С.А., Нұршәріп С., Мухамеджанова Г.Б., Салыков Е.З., Шаденова Г.Б алғыс айтамыз!!!

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст