"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Математикалық регата»

02.03.2023

2023 жылдың 28 ақпанында Зеренді ауылының  М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының базасында. Зеренді ауданының жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: мұғалімдердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысын арттыру; мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру; мұғалімнің қоғамдық позитивті имиджін, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; мұғалім мамандығының беделін арттыру. Олимпиадаға 27 мұғалім қатысты. Ережеге сәйкес олимпиада төрт турдан тұрды, әр турға үш тапсырмадан берілді.
Әділқазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша келесі мұғалімдер жүлделі орындарды иеленді:
1 – орын Өркен ауылының ЖОББМ мұғалімі Назаренко Вера Васильевна;
2-орын Шағалалы ауылының ЖОББМ мұғалімі Ямаева Наталья Федоровна
3 орын №1 Зеренді ауылының ЖОББМ мұғалімі Латипов Ашар Халелұлы
«Математикалық регата» облыстық кезеңіне қатысу үшін Өркен ауылының ЖОББМ мұғалімі Назаренко Вера Васильевна жолдама алды. Әріптесімізге шығармашылық табыс  тілейміз!

Просмотров: 1044


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст