"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Алтын қазына» облыстық көркемөнер және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрме-байқауының қорытындылары.

17.03.2023

14-15 наурызда Көкшетау қаласында «Алтын қазына» облыстық көркемөнер және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрме-байқауы өтті. Конкурстың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту, рухани-адамгершілік мәдени құндылықтарға баулу бойынша жүйелі және мақсатты қызметті дамыту. Зеренді ауданы 7 қатысушының жұмысын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша ауданның барлық қатысушылары номинациялар бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанды!

І орын иегерлері:

Зеренді ауылының «Калейдоскоп» үйірмесінің тәрбиеленушісі Аружан Нұрмұхамедова, «ұлттық нақыштағы интерьер дизайны-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт» номинациясы бойынша, жетекшісі: Сәуле Айткужинқызы Искакова.

Вераника Николаева, «Металды көркемдік өңдеу» номинациясы бойынша Еленовка ауылы ЖББМ жанындағы балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы филиалының «Гравюра шеберлері» үйірмесінің тәрбиеленушісі, жетекшісі: Анжелика Александровна Матерн.

Кирилл Юшков, Садовое ауылы ЖББМ жанындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы филиалының «Ағаштан ою» үйірмесінің тәрбиеленушісі, Нэцке техникасы бойынша «Шағын нысанды бұйымдар жасау» номинациясы бойынша, жетекшісі: Геннадий Владимирович Пархоменко.

ІІ орын иегері: Кирилл Карпов, Садовое ауылы ЖББМ жанындағы балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы филиалының «Ағаштан ою» үйірмесінің тәрбиеленушісі, «Ағаштан және сүйектен бұйымдар жасау» номинациясы бойынша, жетекшісі: Геннадий Владимирович Пархоменко.

ІІІ орын иегерлері:

Жұлдызай Ерғалиева, «Қағаздан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша Зеренді ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Папье-маше өнері» үйірмесінің тәрбиеленушісі, жетекшісі: Гуляим Қашкымбайқызы Ақпаева.

Жетпіс Айша, «Дизайн шебер қолдар» үйірмесінің тәрбиеленушісі Зеренді а. «Ұлттық киім үлгісін жасау» номинациясы бойынша, жетекшісі: Айгүл Жетпісқызы Қапарова.

Зеренді ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Калейдоскоп» үйірмесінің тәрбиеленушісі Алина Сизухина, «Тоқыма бұйымдарын жасау» номинациясы бойынша, жетекшісі: Сәуле Айткужинқызы Искакова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді белсенді қатысуларымен құттықтаймыз!

Аружан, Вероника және Кириллге республикалық байқауда жеңіс тілейміз! Облыстық турға сапалы дайындығы үшін басшыларға алғыс айтамыз!

 

 

Просмотров: 1602

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст