"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Білім алушылардыңбілім жетістіктері мониторингі (ББЖМ) түрлі нәтижелерімен мектептердің желілік байланысы

13.04.2023

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 11 сәуірде "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Білім алушылардын білім жетістіктері мониторингі (ББЖМ) түрлі  нәтижелерімен мектептердің желілік байланысы»  тақырыбында облыстық өңірлік семинар өтті . Семинарға келесі аудандар қатысты: Зеренді, Бурабай, Бұланды, Біржан сал және Көкшетау қаласы.

     Семинарға қатысушыларды "Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы" орта және мектепке дейінгі бөлім басшысының м.а. Артықпаева Рауза Серікпайқызы қарсы алды.

     Фасилитациялық сессияны "Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының" әдіскерлері Бегалина Самал Дәулетқызы, Даниярова Жанаргүл Құсніденқызы, Омарова Айгүл Бекенқызы өткізді.

    Семинар барысында Зеренді ауданының білім бөлімінің әдіскері Наргужина Дария Серікқызы «Мектептің 2022-2023 оқу жылында ББЖМ-не дайындық жұмыстарының жүйесі, дайындық кезіндегі туындаған мәселелер жөнінде»  баяндама жасады.

          "Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директорының оқу - тәрбие  жөніндегі орынбасары Башарова Айнұр Жұмағалиқызы «ББЖМ-не дайындық бойынша мектеп жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына баяндама жасады.

   Аталған мектептің пән мұғалімдері Жақсалықова Раушан Сұлтанқызы мен Ескендіров Айтжан Хакімұлы белсенді әдістер мен әдістерді қолдана отырып ашық сабақтар өткізді.

    Математика пәнінің мұғалімі Маштиева Баян Зиядиновна және география пәнінің мұғалімі Капарова Аягөз Уәлиханқызы семинарға қатысушылармен шеберлік сабағын өткізді.

  "Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ мұғалімі Рудь Ольга Петровна оқушыларды физика пәнінен ББЖМ - ға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    Семинар соңында "Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығы" орта және мектепке дейінгі бөлім басшысының м.а. Артыкпаева Рауза Серікпайқызы 2021-2022 оқу жылына ББЖМ талдауын ұсынды, оқушыларды даярлау бойынша ұсыныстар берді.

     Семинар жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 1904


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст