"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«ББЖМ дайындық бойынша мектептердің желілік байлынысы» тақырыбында облыстық вебинар

14.04.2023

2023 жылғы 13 сәуір күні Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен облыстың барлық аудандарын қамтып онлайн режимінде «ББЖМ дайындық бойынша мектептердің желілік байлынысы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Аталған вебинарға пән мұғалімдері, мектеп директорларының орынбасарлары, осы мониторингке жетекшілік ететін Ақмола облысының аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Вебинар аясында Зеренді ауданы Ақкөл орта мектебінің мұғалімдері Маштиева Баян Зиядинқызы мен Қапарова Аягөз Уәлиханқызы сабақтарда математикада және географияда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Башарова Айнұр Жұмағалиқызы мектепте ББЖМ дайындық кезеңінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.
Аудандық білім бөлімінің әдіскер Наргужина Дария Серікқызы аудан бойынша ББЖМ дайындық үрдісіндегі жұмысты жалпы ұйымдастыру, мектептерге қандай әдістемелік көмек көрсетілетіні туралы тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, педагогтерга ұсынымдар берілді.

Просмотров: 2101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст