"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары

19.05.2023

Білім бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 мамырында Шағалалы кентіндегі жалпы білім беретін мектеп базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары өтті. Семинарды Шағалалы ЖОББМ  директоры Нұршәріп Жәнібек ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Дария Серікқызы Наргужина жалғастырды. Семинар барысында М. Ғабдуллин атындағы  Зеренді ауылының мектеп гимназиясының мұғалімі С.С.Дүйсенова «Оқушыларды мемлекеттік (қорытынды) аттестаттаудан өткізу үшін нормативтік-құқықтық құжаттардың базасын қалыптастыру жүйесі» тақырыбында, Айдабол ауылындағы ЖОББМ мұғалімі Р.А.Жүсіпова «Мектептің өзін-өзі аттестаттау туралы құжаты» тақырыбында, Приречное ауылындағы ЖОББМ  мұғалімі «Мектеп жұмыс жоспарының жобасы» тақырыбында Р.Р.Попроцкая,  №2 Алексеевка ауылындағы ЖОББМ  мұғалімі Т.Н.Коваленко «2022-2023 жж. МОБО дайындықтағы мектеп жүйесі, дайындықтағы мәселелер» тақырыбында баяндама оқыды.
Білім бөлімінің әдіскері Дарья Серікқызы 2022-2023 оқу жылының жұмыстарын қорытындылап, сертификаттар табыстап, мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді.

Просмотров: 2071


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст