"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Зеренді ауданының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерінің жаңа құрамы құрылатыны туралы хабарлама

10.09.2023

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, Зеренді ауданының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерінің жаңа құрамы құрылатыны туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлер а.ж. 10 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында тиісті орта білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдарына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

 

/public/files/2023/9/10/100923_162733_v170001558401-03-2023kaz.docx

Просмотров: 3152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст