"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру. 2023 жыл 05 желтоқсан

05.12.2023

Мектепке дейінгі тәрбиесі мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру конкурстық рәсімі басталғаны туралы хабарлайды.

   Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.

    Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

  Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

          1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

          2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

          3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

          4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

           1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

          2) медициналық қызметке лицензиялар;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

           4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

          5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

 Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

           Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

          Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.

          Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.

Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.

Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.

 Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданының білім бөлімі» ММ Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға ниет білдірген әрбір азамат 2023 жылғы 7 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Ленина көшесі, 43, мекенжайына құжаттардың толық пакетін немесе roo_zer@mail.ru электрондық поштасына жіберуінізді сұраймыз.

            Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.

    «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешімі 2023 жылдың 25 желтоқсан күні  жарияланады.

 

 «Ақмола облысы білім басқармасының

 Зеренді ауданы бойынша білім

бөлімі» ММ басшысы

Просмотров: 1660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст