"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық практикалық семинар "Жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды орындау әдістемесі"

07.12.2023

2023 жылдың 4 - 6 желтоқсаны күндері Ақмола облысының "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы, Өрлеу" БАҰО " АҚ  -ның орталық аппаратының өкілі Ж.С.Бабишева,  БДИ директоры А.Н.Иманова мен аға оқытушы А.О.Жұманбаеваның қатысуымен «Жаратылыстану ғылымы сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды орындау әдістемесі" тақырыбында  Зеренді ауылының Малик Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының базасында практикалық семинар өткізді. Аталған семинарға ауданымыздың  химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар аясында қатысушылар ашық сабақтарға, шеберлік сабақтарына қатысты, коучингтерде мұғалімдер сабақтарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті, химия және биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өтті. Ақмола облысының "Өрлеу"  БАҰО  "АҚ филиалының аға оқытушы   А.О. Жұманбаеваға семинарды ұйымдастырғаны үшін және мектеп директоры  Э. М. Халеловаға интерактивті жабдықтары бар кабинет ұсынғаны үшін, баяндама оқыған мұғалімдерге  алғысымызды білдіреміз. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері  Д. С. Наргужина дөңгелек үстел өткізді. Семинар модераторы   А. О. Жұманбаева педагогтармен кері байланыс жүргізіп, МОДО мәселелері бойынша пікір  мен  тәжірибе алмасты.

Просмотров: 1462

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст