"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

МОДО – студенттердің біліміндегі олқылықтарды анықтауға және оларды жоюға, сондай-ақ Қазақстандағы білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін зерттеу.

09.01.2024

МОДО – студенттердің біліміндегі олқылықтарды анықтауға және оларды жоюға, сондай-ақ Қазақстандағы білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін зерттеу. МОДО -ның басты ерекшелігі оның білім беру саласындағы ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерге қол жеткізу контекстінде мектеп оқушыларының оқу, математика және жаратылыстану саласындағы құзыреттілік деңгейінің тұтас көрінісін алуға бағытталғандығы болып табылады. М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының базасында 2024 жылдың 5 қаңтарында «ЖМБ және ҚГБ пәндерін оқыту саласындағы 4 және 9 сынып оқушыларын МОДО-ға дайындаудағы мұғалімдердің оң тәжірибесін тарату» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинарға 143 қатысушы, мектептертің оқу ісі меңгерушілері, пән мұғалімдері, педагог - психологтары қатысты. Семинар аясында математика, физика, химия пәні мұғалімдеріне, гуманитарлық, география, бастауыш сынып мұғалімдеріне шеберлік сабақтары өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері «Оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру». Гуманитарлық пән мұғалімдері «МОДО-ға дайындық кезінде оқу сауаттылығын дамыту әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сыныптарында физика-математика мұғалімдері «МОДО-ға дайындық есептерін шешу» күрделілігі әртүрлі есептердің шешімін қарастырды, жаратылыстану пәні мұғалімдері «Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабақтарын тыңдады. Химия, биология және география сабақтарында» педагог-психологтары жаттығулармен бөлісті және практикалық іс-әрекеттерінде қолданатын тренинг элементтерімен сабақтар өткізді.
Семинар соңында ашық микрофон түрінде пікір алмасу жүрзігіліп, ұсыныстар айтылды.

Просмотров: 2715


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст