"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2024 жылдың 9 қаңтар күні Симферополь а. ЖОББМ базасында «Жастар» Спартакиадасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан аудандық жарыс өтті.

10.01.2024

2024 жылдың 9 қаңтар күні Симферополь а. ЖОББМ базасында «Жастар» Спартакиадасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан аудандық жарыс өтті. Іс-шарада ауданның келесі мектептері қатысты: Симферополь а.ЖОББМ, Ақкөл а.ЖОББМ, Бірлестік а. ЖОББМ, Зеренді а. М.Ғабдуллин ат. мектеп гимназиясы және Шағалалы а. ЖОББМ. Спортшылар керемет спорттық дағдылар мен ойынға деген құштарлықтарын көрсетті.
Жарыстың қорытындысы үздіктердің үздіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Шағалалы а. ЖОББМ оқушысы Досан Қ. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша танылды, Бірлестік а. ЖОББМ оқушысы   Еркінбай Ұ. «Үздік қақпашы» және Симферополь а. ЖОББМ оқушысы Ахметжанов Е. «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша танылды.
Жалпы командалық орындар келесідей бөлінді:
1-орын Зеренді а. М.Ғабдуллин ат. мектеп гимназиясы;
2-орын Симферополь а.ЖОББМ;
3 - орын Бірлестік а. ЖОББМ;
4-орын Шағалалы а. ЖОББМ;
5-орын Ақкөл а. ЖОББМ.
Футзалдан аудандық спартакиада жеңімпаздарын құттықтаймыз және облыстық жарыста жоғары нәтиже жетуге тілектеспіз!     

Просмотров: 2595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст