"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинары

24.01.2024

2024 жылдың 17 қаңтарында Зеренді ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Еленовка ауылындағы орта мектеп базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне семинар өткізілді. Семинар тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында айтылым дағдыларын дамытуда тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану». Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Гульмира Кушеровна Жанаева ашты. Ағылшын тілі мұғалімдері сабақта «оқушы үнсіздігі» мәселесімен бетпе-бет келеді. Егер оқушылар сөйлегісі келмесе немесе мұғалім сұрағанда ғана сөйлейтін болса, ағылшын тілін қалай үйретуге болады? Заманауи педагогикалық технологиялар білім беру жағдайын өзгертуді көздейді, осылайша мұғалім «талассыз беделден» зейінді және қызығушылық танытатын сұхбаттасушы және оқу үдерісіне қатысушы болады. Семинарда «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында Ақкөл ауылындағы мектептің мұғалім-сарапшысы Альжапарова Ақлима Жақсылыковна айтып шықты, Алексеевка ауылындағы №2 орта мектебінде Виктория Алексеевна Зайцева «Ағылшын тілі сабағындағы белсенді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасты, Еленовка ауылындағы орта мектептен Сайдалина Ботагөз Алибековна 5-сыныпта ашық сабақ өткізді «Arts» тақырыбына. «Ағылшын тілін үйрену кезінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру және дамыту» шеберлік сабақ. Семинар жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушылар мен мектеп әкімшілігіне қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.

Просмотров: 1343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст