"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Отбасылық құндылықтар - оқушының жетістігінің кепілі ретінде. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріндегі отбасы мен отбасылық тәрбиенің рөлі" атты аудандық ата-аналар форумы өтті

24.01.2024

 

Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ерте жүктілік, кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды қолдану мәселелері ерекше бақылауға алынған.

2024 жылдың қаңтардың 16 күні Зеренді ауылының аудандық мәдениет үйінде "Отбасылық құндылықтар - оқушының жетістігінің кепілі ретінде. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріндегі отбасы мен отбасылық тәрбиенің рөлі" атты аудандық ата-аналар форумы өтті.  Форумның модераторы Зеренді ауданының әкімі – Әсен Дулатұлы Жақсылықов болды. Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Талғатқызы Курсанова қатысушыларға психоактивті заттарды қолданудың алдын алу және кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселесі бойынша ақпарат берді. Осы мәселені жалғастыруға диалог алаңында психолог Айгүл Төлегенқызы Әлжанова және "Сенім" әлеуметтік оңалту бөлімшесі орталығының еріктілері қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жаслан Қылышбекұлы Уәлиев жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері туралы сөз сөйледі. Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Динара Шаймерденқызы Кенжеболатова 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысына талдау жасады. Зеренді орталық ауруханасының бас дәрігері Руслан Дүйсенұлы Бутембаев "Жыныстық тәрбие негіздері" тақырыбында баяндады. Зеренді ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының орынбасары Ботагөз Қадыржанқызы Жолумбаева жасөспірімдер дағдарысы кезінде ата-аналарға ұсыныстар беріліп, "Жасөспірімдердің психологиялық мәселелері" тақырыбында баяндама оқылды. Зеренді ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Әсия Зиядайқызы Исаканова ата-аналармен "Қазіргі отбасы. Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы" атты тақырыпта сұхбат алаңын жүргізді.

Жұмыс барысында ата-аналар көптеген пайдалы ақпарат алды, қылмыс жасау себептерімен, жасөспірімдерді қылмыстық ортаға тарту факторларымен, "Интернет" желісіндегі қауіпсіздікті бақылау шараларымен, психоактивті заттарды қолданумен, қылмыс жасаумен танысты.

Өз сөздерінде баяндамашылардың әрқайсысы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеудегі ең бастысы – көмек пен қолдау, түсіну, жылулық, қамқорлық екенін еске салды. Ал жеке мысал-үйлесімді қарым-қатынастың кепілі.

Форумға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, одан әрі жұмыстарына  жемісті  табыс тілейміз!

Просмотров: 1235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст