"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Robotek Grand Tournament» робототехникасы бойынша Республикалық чемпионаттың облыстық кезеңі

02.02.2024

2024 жылғы 31 қаңтар-1 ақпан аралығында Көкшетау қаласында «Bolashaq saraiy» базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңді ұйымдастырушылар - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.
Чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету болып табылады.
Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 90-ға жуық ақмолалық оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: Роботек, Инверстік сызық бойымен жарыс, Жеткізуші робот, Мерген кіші санат, Мерген жоғары санат, Туды жеткізу, Сұрыптаушы робот.

Чемпионат соңында Қызылтаң ауылының ЖОББМ «Леготрон» командасының мүшелері «Робототехника» номинациясы бойынша Әлішер Оралов пен Мейірлан Қадыров бірінші дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен , сонымен қатар 20 000 теңгелік командалық ақшалай сертификатпен марапатталды. Қызылтаң ауылының ЖОББМ «TechTeam» командасының мүшелері Бұлатқан Диас, Әбділман Дидар «Теріскі сап жарысы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен және  күміс медальдармен, сонымен қатар 15 000 теңге көлемінде командалық ақшалай сертификатпен марапатталды.

Топ жетекшісі Жағпаров Нариман Еркөкшеұлына алғысымызды білдіреміз. Робототехника чемпионатының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст