"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

"Орта білім беретін үздік ұйым" байқауы.

10.05.2024

Зеренді ауылының Малик Ғабдуллин мектеп-гимназиясының базасында 24.04.24 "Орта білім беретің үздік ұйымы" байқауы өтті. Конкурс тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, педагогтер мен орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау мақсатында өткізіледі. Грант конкурс жеңімпаздарына - екі кезең аяқталғаннан кейін үздік мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына беріледі. I кезең - аудандық, жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысу үшін ұсынылатын конкурсқа қатысушылар айқындалады. Он бір критерий бойынша рейтингтік көрсеткіштерге сәйкес, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары 8-10 слайдтарда презентациямен портфолио және бес минуттық баяндама дайындауы керек болды. Байқауға 18 мектеп өтінім берді. Мектеп директорлары мен директорлар орынбасарларының сөздерін 11 адамнан тұратын сараптамалық комиссия тыңдады: Жүсіпов Қанат Амантаевич-комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, Кенжеболатова Динара Шаймерденовна-комиссия төрағасының орынбасары, Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы, Дүйсембекова Ботагөз Байназаровна-комиссия мүшесі, Зеренді ауданы педагогикалық қызметкерлер кәсіподағы кеңесінің төрағасы, Досқарина Анар Мұсабековна-комиссия мүшесі аудандық білім бөлімінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Маршалко Наталья Николаевна-комиссия мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері, Рахимжанов Нұржан Серікұлы-комиссия мүшесі, аудандық білім бөлімінің бас маманы, Наргужина Дарья Серіковна-комиссия мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері, Мукушева Динара Еркеновна-комиссия мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері, Халелова Эльмира Майданқызы-комиссия мүшесі, Малик Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының директоры. Жалпы білім беретін ұйымдары арасында комиссияның барлық мүшелері Бірлестік ауылының ЖОББМ Гран-При аталды, Шағалалы ауылының ЖОББМ жүлделі 1 орын, Қонысбай ауылының ЖОББМ, Ақкөл ауылының ЖОББМ 2 орынды бөлді. 3 орынды 2 мектеп бөлді: Садовое аулының ЖОББМ, Өркен аулының ЖОББМ. Негізгі орта мектептер арасында 1-орын Васильковка аулының НОМ алды, 2-орын Азат аулының НОМ ие болды, 3-орын Красный Кордон аулының ЖОББМ, М. Ғабдуллин аулының ЖОББМ, Ескенежал аулының ЖОББМ берілді. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз. Облыстық турға Бірлестік ауылының ЖОББМ портфолиосы жіберіледі. Оған облыстық турда табыс тілейміз!

Просмотров: 2899


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст