"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құрметті, Зеренді ауданының бүлдіршіндері мен олардың ата-аналары!

01.06.2020

Сіздерді жаздың шуақты мерекелерінің бірі - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. 
Балалық шақ - бұл әр адамның өміріндегі таңғажайып кезең, өмірлеріңіз әдемі жарқын түстерге, қамсыз және қуанышты күндерге, жарқын әсерлерге, сәттілікке толы болсын. 
Біздің балаларымыздың балалық шағы қандай болатыны бізге байланысты. Жас ұрпақ,жас буын жасөспірімдеріміз - Егеменді еліміздің болашақ тұтқасы.Әлемдегі ең құнды байлықтың бірі - әр баланың жарқын күлкісі мен көңілді көздері десек те болады.
Біздің ауданымыздың талантты балалары түрлі дәрежедегі сайыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанып, облыстық, республикалық байқауларда ауданымыздың мәртебесін көтеруде өз үлестерін әрқашан қосуда. 
Құрметті,  балалар!
Алда келе жатқан демалыс күндерің  қызықты оқиғалармен және жақсы көңіл-күймен есте қалатын болсын. 
Әрқашан аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін!

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст