"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

ОТБАСЫЛЫҚ ОНЛАЙН ОЙЫНЫ

11.06.2020

2020 жылғы 9 маусым күні  ZOOM интернет-платформасы арқылы «Ол кім? Бұл не?» отбасылық зияткерлік онлайн ойыны өтті. Ойынның мақсаты – отбасының зияткерлік және мәдени деңгейін көтеру, командалық өзара нәтижелі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Онлайн-ойын 2 кезеңнен тұрды. Ойында 8 отбасылық команда қатысты, ойынның екінші турына Атбасар, Зеренді, Целиноград аудандарының отбасылық командалары өтті.

Ойынның нәтижесі бойынша 1 орынды Зеренді ауданы Ақкөл ауылының Башаровтар отбасы, 2 орынды Целиноград ауданы Қызылжар ауылының Қадырбековтар отбасы, 3 орынды Атбасар ауданы Атбасар қаласының Рыбинский отбасы иеленді.

«Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық тілейміз!» - құттықтады ұйымдастырушылар.

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст