"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды

11.06.2024

Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

Келесі бағыттар бойынша қосымша білім берудің 47 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы:

Ғылыми-техникалық-29 орын

Көркем-эстетикалық-14 орын

Әлеуметтік-педагогикалық-4 орын

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылғы маусым айының                    11-17 күндері  аралығында білім бөліміне құжаттарды ұсынуы қажет:

1) Білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;

2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш

3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);

4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына                         4 сағаттық жүктеме;

6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)

7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;

8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;

10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.

Просмотров: 941


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст