"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қиял ұшқыны мен керемет қол шығармашылығы!» атты аудандық сәндік-қолданбалы көрмесі

07.03.2018

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың  наурыздың 3-і күні  аудандық Мәдениет үйінде «Қиял  ұшқыны мен керемет қол шығармашылығы!» атты аудандық сәндік-қолданбалы көрмесі өтті. Көрме әр түрлі стильдерде: ағашты көркем ою, киізбен жұмыс, джут филигрань, матамен жұмыс және т.б. жасалған  ерекше және әдемі жұмыстарды жинады. Осындай көрікті, әдемі безендіріліп жасалған керемет дүниелер балалар мен олардың ұстаздарының қиялынан туғанына сену қиын болды. Әділ-қазы мүшелері жұмыстарды бағалап, ең жақсыларды таңдады. Бірінші орынды келесі мектеп ұжымдары бөлісті: Ақадыр, Айдабол, Шағалалы және балалар шығармашылық үйі; екінші орынды - Приречный, Садовый, Қызылсая және Красный Кордон, үшінші орынды – Ортағаш, Исаковка, Симферополь, Жылымды және Қошқарбай мектептері алды.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст