"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Отан қорғаушы» әскери-спорт жарысы

07.03.2018

2018 жылдың 3 наурызында № 2 Зеренді ОМ негізінде «Отан қорғаушы» әскери-спорт жарысы өтті. Жарысқа 9 мектеп қатысты: №2 Зеренді ОМ, Викторовка ОМ, №1 Зеренді ОМ, Раздольный ОМ, Приреченый ОМ, Игілік ОМ, Еленовка ОМ, Шағалалы ОМ, Исаковка ОМ.

Топтар 9-11 сынып оқушыларының қатарынан 4 жас жауынгерлерден құралды. Жарыстың бағдарламасы 7 кезеңді қамтыды:

·       Биік кермеде тартылу

·       Отырған қалпында жоғары секіру

·       Жатып тірену қалпында қолды бүгу және жазу (кеудені жерден көтеру)

·       Шалқасынан жатқан қалпында денені көтеру

·       Жүрелеп тірену қалпынан секіру арқылы жатып тіренуге ауысу және керісінше

·       Әскери жабдықпен 100 м қашықтыққа жүгіру

·       Пневматикалық винтовкадан ату

Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей үлестірілді:

 

1 орын – Исаковка ОМ

2 орын – Раздольный ОМ

3 орын – Игілік ОМ

 

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да үлкен жеңістер  мен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!

Просмотров: 533

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст